Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында облыстық білім басқармасының спорттық-бұқаралық шаралар жоспарына сәйкес облыстық «Жастар» спартакиадасы аясында 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында 2018 жылдың 13-16 қыркүйегінде футболдан жарыс өтті.
Петропавл қаласы, Есіл, Шал ақын, Айыртау, Мамлют аудандарының командалары бақ сынасқан тартысты ойындардың нәтижесінде Мамлют ауданының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды жарыс қожайындары -Есіл ауданы иеленсе, үшінші орын Петропавл қаласының жас футболшыларының еншісінде.
Жарыс жүлдегерлері кубок, диплом, медальдармен марапатталды. Ағымдағы оқу жылында апробация ретінде облыстың 46 мектебінде дене шынықтыру сабағынында әрбір 3-ші сағаты-футбол сабағы өткізілетінін ескерсек болашақта жас футболшылардың шеберліктері артатынына сенім мол.