Облыстық білім басқармасының қолдауымен 9 желтоқсан күні Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясының спорттық залында «Қызылжар жастары» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ ұйымдастырған «Ботай» ұлттық ойынынан қалалық тұсаукесер жарысы өткізілді. Жарысқа қаламыздың бірқатар мектептері мен колледждерінен спортшылар қатысты.
Жекелей сында өткізілген жарыстың негізгі мақсаты- ұмыт болған ұлттық құндылығымызы жаңғырту. Рухани жаңғыру бағдарламасының басты міндеттерінің бірі де осы екені аян. Жарыстың ашылу салтанатына «Қызылжар жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлік Мұхамеджанов, білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт және АӘД өңірлік оқу әдістемелік орталығының басшысы Қанат Садуақас, «Ботай» ұлттық ойынының ережесін әзірлеушілерінің бірі, ойынның бас төрешісі Қуат Хайруллин қатысып, өз тілектерін білдірді. Кезінде қазақ ауылдарының хиты болған спорт ойыны өте қызықты және тартысты өтті. Жарыс қортындысында жүлделі орындарды Болатов Асылхан, Сұрағанов Ағжан, Өтенов Мейрамбек иеленді. Жарыс жүлдегерлері медаль, грамота, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақыттағы басты міндет - жас жеткіншектерді осы ойынға тарту болып табылады.