«Футбол сабағы» бойынша семинар
2018-2019 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018ж. 15 тамыздағы №401 бұйрығы бойынша республикамыздың барлық аймақтарында жалпы орта білім беру мекемелерінің 5-11 сыныптарында дене тәрбиесінің әр үшінші сағаты «Футбол сабақтары» өткізілуде. Апробацияға қатысушы мектеп саны 786.
Қазақстанның Футбол Федерациясы 5-11 сынып оқушыларына арнайы әдістемелік оқу-құралдарын шығарды. Футбол сабағына арналған әдістемелік оқу-құралдары облыстық, қалалық дене тәрбиесі орталықтарына электронды нұсқалары жіберілуде. Биылғы оқу жылында ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Қазақстан футбол федерациясының жоспарларына сай ФИФА-ның «D» санатындағы сертификатын беру арқылы дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, төменгі сынып оқушылары арасында аудандық қалалық облыстық және республикалық деңгейде «Балдәурен футбол лигасын» өткізу, өңірлік футбол клубтарында оқыту топтарына дарынды балаларды іріктеу алдыңғы мақсатта. Сондай-ақ «Кока-кола Алматы Боттлерс» компаниясы «Футбол сабағына» демеуші ретінде пилоттық жобаға қатысатын 1000 мектебіне футбол доптарын таратады.
Солтүстік Қазақстан облысында биылғы оқу жылында жобада 46 мектеп.
Просмотров: 334
Комментарии