Меню KDT
logo.jpg?_=1459921699
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ТУРИЗМА И СПОРТА
СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
ru / kz / en
Новости

«Астана қаласының 20 жылдығына арналған» Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушылары арасындағы IX-шы жазғы спартакиадасы бағдарламасы бойынша ұлдар арасында маутинбайк жарысы

Петропавл қаласында «Астана қаласының 20 жылдығына арналған» Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушылары арасындағы 9-ыншы ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫ бағдарламасы бойынша ұлдар арасында маутинбайк жарысы басталды. Жарысқа еліміздің өңірлерінен 6 команда: Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Павлодар облысы. Шығыс Қазақстан облысы және Солтүстік Қазақстан облысы командалары қатысуда. 28-31 шілде аралығында өтетін жарыстың бағдарламасы бойынша спортшылар кросс-кантри, топтық жарыс, эстафеталық жарыстарда сынға түсетін болады. Жарыстың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығының спорттық іс-шараларды ұйымдастыру зертханасының бас жаттықтырушысы Төлендиев Нұрілдә Амангелдіұлы, Өңірлік дене шынықтыру, спорт және АӘД орталығының басшысы Садуақас Қанат Бақытжанұлы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Петропавл қаласының құрметті азаматы, олимпиада чемпионы А.Винокуровтың алғашқы бапкері, «Vino-4-EVER» велоклубының директоры Кручина Сергей Иванович, велоспорттан олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры Парахин Владимир Алексеевич, жарыстың бас төрешісі Дмитриева Светлана Александровна қатысып жас спортшыларға өз тілектерін білдірді. Бірінші күні эстафеталық жарыстың қортындысы бойынша үздік үштікте Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Батыс Қазақстан облысы командалары орналасты. Жарыс әрі қарай жалғасуда. Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Спартакиада кубоктары, дипломдары, медальдарымен мараптатталады.










Просмотров: 315

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Партнеры