Меню KDT
logo.jpg?_=1459921699
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ТУРИЗМА И СПОРТА
СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
ru / kz / en
Новости

«Футбол сабағы» бойынша семинар

Солтүстік Қазақстан облысында 28-29 қыркүйекте «Орта білім беру ұйымдарының 5-11 сыныптарында дене тәрбиесінің әр үшінші сағатында «Футбол сабағын» өткізу бойынша семинар өтті.




2018-2019 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018ж. 15 тамыздағы №401 бұйрығы бойынша республикамыздың барлық аймақтарында жалпы орта білім беру мекемелерінің 5-11 сыныптарында  дене тәрбиесінің әр үшінші сағаты «Футбол сабақтары» өткізілуде. Апробацияға қатысушы мектеп саны 786. 

Қазақстанның Футбол Федерациясы 5-11 сынып оқушыларына арнайы әдістемелік оқу-құралдарын шығарды.  Футбол сабағына арналған әдістемелік оқу-құралдары облыстық, қалалық дене тәрбиесі орталықтарына электронды нұсқалары жіберілуде. Биылғы оқу жылында ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Қазақстан футбол федерациясының жоспарларына сай ФИФА-ның «D» санатындағы сертификатын беру арқылы дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, төменгі сынып оқушылары арасында аудандық қалалық облыстық және республикалық деңгейде «Балдәурен футбол лигасын» өткізу, өңірлік футбол клубтарында оқыту топтарына дарынды балаларды іріктеу алдыңғы мақсатта. Сондай-ақ «Кока-кола Алматы Боттлерс» компаниясы «Футбол сабағына» демеуші ретінде пилоттық жобаға қатысатын 1000 мектебіне футбол доптарын таратады.

      Солтүстік Қазақстан облысында биылғы оқу жылында жобада 46 мектеп.

Осыған орай семинар Петропавл қаласында облыстық балалар шығармашылығы орталығында теориялық бөлім, қазақ мектеп-гимназиясында оқушылармен практикалық сабақ, «Жастар» стадионында дене шынықтыру мұғалімдерімен практикалық сабақ өткізілді. Семинарға ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» СҚО ББ бөлім басшысы Черных В.А., СҚО ББ Дене тәрбиесі,спорт және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығының басшысы Садуақас Қ.Б., Қазақстанның футбол федерациясының өкілі Раздобудько Н.Н., «Қызылжар» футбол клубының жастар орталығының басшысы Колода В.Г, және футбол клубының жаттықтырушылары қатысты. Семинарға қатысқан дене шынықтыру пәні мұғалімдер саны-112.




Семинарда 5-11 сыныпқа арналған футбол сабағының әдістемелік нұсқаулығы толығымен таныстырылды. Сондай-ақ дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне практикалық сабақтар көрсетілді. Апробациядағы 46-мектепке СҚО ББ «Дене тәрбиесі,спорт және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» 92 дана футбол добын таратса, семинарға қатысқан мұғалімдерге Қазақстанның футбол федерациясы Сертификаттарды табыстады.











Просмотров: 268

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Партнеры