Меню KDT
logo.jpg?_=1459921699
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ТУРИЗМА И СПОРТА
СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
ru / kz / en
Новости

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған мектеп оқушылары арасында жеңіл атлетикадан облыс ашық Чемпионаты және облыстың білім беру жүйесінде спорттық жылдың қорытындысын шығару

2017 жылғы 8 желтоқсанда облыс әкімінің орынбасары М. Қожахмет, облыстық білім басқармасының басшысы Г. Кәрімова, «Желтоқсан ақиқаты» ҚБ филиалының басшысы Б. Қажымовтың қатысуымен А. Винокуров атындағы Спорт сарайында мектеп оқушылары арасында жеңіл атлетикадан облыс Ашық Чемпионатының ашылуы және облыстың білім беру жүйесінде спорттық жылдың қорытындысын шығару өткізілді. Оған Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай облысының командалары және Солтүстік Қазақстан облысы аудандары мен Петропавл қаласынан барлығы 18 команда, 250 жуық қатысушы қатысты. Спорттық жылдың қорытындысы бойынша марапаттауға аудББ басшылары, спорт жөніндегі әдіскерлер, ДШДБЖК директорлары,  ДШ мұғалімдері, жаттықтырушылар шақырылды.Олар облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, ҚР БҒМ Дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығының грамоталары, СҚО ББ грамоталарымен марапатталды. Республикалық спартакиадада қол жеткізген жетістіктері үшін командалар сертификаттармен (500 000 теңге) марапатталды. Бұл командалар спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының мектеп пен колледж оқушыларының  8-ші қысқы Спартакиадасының қорытындысы бойынша тамаша нәтижелер көрсеткендер! Бұл жаттықтырушылар, өз өмірін мәңгіге спортпен байланыстырып, біздің өңірде спорттың дамуына өз еңбегі мен  жан-тәнін бергендер. Облыстық спартакиадалардың жүлдегерлері ауд (қал) білім бөлімдерінің командалары кубоктар және дипломдармен марапатталды. Спортшылар алдында кекушинкай-каратэдан Бүкілқазақстандық федерациясының спортшылары, «Айналайын» вокалдық ансамблі өнер көрсетті.

Барлығы 2017 жылы облыстық білім басқармасымен 125-тен астам облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілім, 50 000 астам оқушы қатысты. Барлық спорттық-бұқаралық іс-шаралар «ЭКСПО-2017» арналды, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Солтүстік Қазақстан облысы мектеп оқушыларын спорттық секциялармен қамту бойынша үш көшбасшының қатарында тұр, яғни 42,9% құрайды. Мектеп пен колледж оқушыларының 8-ші қысқы республикалық спартакиадасында СҚО жалпыкомандалық 3 орынды иеленді. Ұлдар мен қыздар арасында Президенттік көрсайыстан, футзалдан қыздар, спорттық бағдарлаудан құрама командасы, ұлдар мен қыздар арасында биатлоннан командалар чемпиондар мен жүлдегерлер атанды.

   

 

 

Өткізуші  мекеме:

  СҚО білім басқармасының «Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік  орталығы» КММ

директор  Садуақас Қанат Бақытжанұлы, 87751372808, жұм. Тел  46-46-99. 



Просмотров: 400

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Партнеры